КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.16.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
03 Қыркүйек 2010, 14:27
«Алматы әуежайы» акционерлік қоғамының бұрынғы директорына іздеу жарияланды
АСТАНА.  Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат  /Гүлнәр Жандағұлова/ -     Әуежайдың  қаржысын    қымқырды деп   айыпталған  «Алматы  халықаралық әуежайы» акционерлік  қоғамының  бұрынғы директоры Тайыр Ыдырысовтың үстінен  қылмыстық іс қозғалып,      оның     өзіне   іздеу  жарияланды,   деп  мәлім етті    Қаржы полициясы агенттігінің  ресми  өкілі Мұрат  Жұманбай.

Ағымдағы жылы   маусымның 4-інде    «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ының президенті Айбол  Бекмұхамбетов   әуежайдың бұрынғы басшылығының       мекеме  қаражатын   мақсатсыз  пайдалану фактісі  туралы   қаржы полициясының  қалалық департаментіне    шағым  түсірген болатын. 

«Осы  шағым бойынша   жүргізілген   тексерудің  нәтижесінде,   шілденің 27-сінде   агенттік    әуежайдың  58,7 миллион теңге  сома  қаржысының    ұрлану   факті   бойынша  қылмыстық іс  қозғады.  Осы факті  бойынша    әуежайдың  бұрынғы  президенті Ыдырысовқа сырттай    айып  тағылды»,  деді  М.Жұманбай.

Қаржы полициясы  өкілінің айтуынша,  қылмыстық істі тексеру  барысында  «Алматы халықаралық  әуежайы» акционерлік қоғамынан     жаңа жолаушылар терминалының  құрылысына  бөлінген   1 миллиард  167 миллион теңге соманың  да   қымқырылу  факті анықталған.  Осы факті  бойынша      тамыздың 24-інде       қылмыстық іс қозғалып, соның  аясында    Ыдырысовқа   және  «IC-Group»  ЖШС-нің   директоры Мұхамеджанға  сырттай  айып  тағылған.

«Тамыздың  26-сында  сот  санкциясымен  Ыдырысов пен Мұхамеджанға іздеу  жарияланды.    Қылмыстық  істер әлі тексеріліп жатыр,         тергеу  мүддесі  үшін   басқа ешқандай  мәлімет  жария етілмей  отыр», -  деді  М.Жұманбай.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.