КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.15.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
03 Қыркүйек 2010, 19:10
Біз 7-ші қысқы Азиялық ойындардың ұйымдастырылуының табысты өтетініне сенімдіміз - ҚКП ОК хатшысы Лю Юньшань
Лю Юньшань
 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Біз Қазақстан туралы айтқанда, Алматы туралы айтамыз, деді бүгін қала әкімі, «Нұр Отан» ХДП Алматы филиалының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу кезінде Қытай Коммунистік партиясының делегация жетекшісі, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚПК ОК хатшысы, насихат бөлімінің меңгерушісі  Лю Юньшань. 

Мәртебелі қонақ атап өткендей, Алматы делегация мүшелерін өзінің әсемдігімен, қарқынды дамуымен тамсандырып отырғанын, соның арқасында партия мүшелері өз елдерінде Қазақстанды, бастысы, Алматы қаласын қытайлық туристердің басым көпшілігі көруі үшін насихат жұмыстарын жүргізіп жүргенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қытайда Алматыға келіп өз жобаларын жүзеге асырам деген кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар, мәдениет, ғылым мен техниканың өкілдеріне әр кез қолдау көрсетіледі. ҚХР делегациясы да Қазақстанға байланыстар мен достық ұраны аясында қарым-қатынастарды нығайту мақсатында келіп отыр.  

 «Қытай мен Қазақстан жақсы көршілер, жақсы әріптестер мен достар. Біз сауда-экономикалық, гуманитарлық, білім беру, мәдениет, ғылыми-техникалық қатынастарды дамыта аламыз, сонымен қатар біз осы салалардағы байланыстардың болашағы барына сенеміз», - деп атап өтті Лю Юньшань.

Құрметті қонақ сонымен қатар қазақстандық тарапқа алдағы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруға табыс тілей отыра, Қытай үкіметінің Қазақстанды әр кез қолдап отыратынын да жеткізді. «Біз 7-ші  қысқы Азиялық ойындардың ұйымдастырылуының табысты өтетініне сенімдіміз, өйткені осында, Алматыда қысқы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған», - деді ҚКП ОК хатшысы.

А.Есімов өз кезегінде, Қытай өзінің қуатты экономикасы мен табысты дамуының арқасанда жас Қазақстан үшін үлгі болып отырғанын атап өтті. «Біз екі ел арасындағы байланыстарға әр кез қуаныштымыз, олардың одан әрі дамып, нығая түсуіне де мүдделіміз. Сіздердің мемлекеттеріңіздің даму тәжірибесі біз үшін өте маңызды, сондықтан да біз, жергілікті билік өкілдері, біздің басшылығымыздың шешімдерін қолдай отырып, достық қарым-қатынастар мен байланыстардың одан әрі дамуы үшін барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.